Wolt Қазақстан ағымдық серіктес курьерлері үшін бұрынғы мөлшерлемелерді қалдырады

Wolt Қазақстан компаниясы ағымдық серіктес-курьерлер үшін төлем жасау жүйесінде бұрынғы мөлшерлемелерді сақтайтындығын хабарлайды. Мөлшерлемелерді өзгерту 2021 жылдың 16 маусымынан бастап Wolt-тың тек жаңа серіктес курьерлеріне ғана қолданылатын болады.

Wolt Қазақстан компаниясы ағымдық серіктес-курьерлер үшін төлем жасау жүйесінде бұрынғы мөлшерлемелерді сақтайтындығын хабарлайды. Мөлшерлемелерді өзгерту 2021 жылдың 16 маусымынан бастап Wolt-тың тек жаңа серіктес курьерлеріне ғана қолданылатын болады. Осыған қоса, 2021 жылдың 15 маусымынан бастап Wolt жеткізуге Wolt Partner қосымшасынан онлайн шығу сәтінен бастап аталмыш қосымшадан шығып кеткеннен кейінгі 1 сағатқа дейін серіктес курьерлер үшін жазатайым жағдайлардан тегін сақтандыруды енгізуде.

Жаңа төлем жүйесі бойынша ставкалар мөлшерінің өзгеруі белгілі бір көлік түрін пайдалануға байланысты Нұр-сұлтан, Алматы қалаларынан келген серіктес курьерлері үшін 10-15% шегінде азаю жағына және Атырау қаласынан келген серіктес курьерлері үшін 10-12% шегінде ұлғаю жағына қарай өзгеріп отырады. Тарифтік мөлшерлемелердің өзгеруін Wolt менеджменті өңірдің нарықтық жағдайларына сүйене отырып және ұлттық заңнамаға сәйкес, сонымен қоса  бәсекеге қабілетті деңгейде қалыптастырады.


Wolt жаңа курьерлік серіктестер үшін төлем моделін жаңартудың бірнеше себептері бар. Ең алдымен, бұл жақын және алыс қашықтықтарды жеткізу көліктің кез келген түріндегі (авто, мопед немесе велосипед) серіктес курьерлер үшін бірдей тиімді болуы үшін жасалады. Ағымдағы модель бойынша серіктес курьерлер көлік түріне және жеткізу қашықтығына байланысты төлем алады. Егер бұрын жақын және алыс тапсырыстарды төлеудегі айырмашылық айтарлықтай болса (2.5 еседен астам), онда жаңа төлем жүйесімен ол 2 есеге дейін қысқарды. Бұл енді жақын және алыс қашықтықтарды жеткізу көліктің кез келген түріндегі жаңа серіктес курьерлер үшін бірдей тиімді болатынын білдіреді. Ставкалар тек азаю жағына ғана емес, ұлғаю жағына да түзетіледі. Сонымен қатар,   Wolt компаниясында жасалған әрбір жеткізілімнен шығынға ұшырамайтын және сонымен бірге клиенттердің, мейрамханалардың және курьерлік серіктестердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын теңгерімді табуы керек. Wolt Қазақстанда ұзақ жылдар бойы жұмысын жалғастыруды және 1000-нан астам мекеме мен 2 000 серіктес-курьерге табыс әкелуді көздейді. Өзгерістерден кейін де курьерлік серіктестер лайықты төлем алуды жалғастырады.

Қабылданған шешімге байланысты барлық ағымдағы Wolt серіктес курьерлері үшін ставкалардың жаңа жүйесінің тұсаукесерімен онлайн форматта (курьерлік серіктестердің әрқайсысына неғұрлым қолайлы уақытты таңдау мүмкіндігі үшін) қазақ және орыс тілдерінде  8 бірдей сессия ұйымдастырылды, бұл туралы барлық серіктес-курьерлер жұмыс істейтін серіктестік қосымшада (Wolt Partner) хабарланатын болады. Сессиялар жаңа төлем жүйесін түсіндіру және курьерлерге олар қалаған жағдайда жаңа төлем жүйесіне көшу мүмкіндігін беру үшін өткізіледі. Жаңа жүйеге көшу алдыңғы төлем жасау жүйесіне қайта оралу опциясыз, тек бір рет мүмкін болмақ.

Wolt курьерлік серіктестері – тәуелсіз мердігерлер. Олар компанияның қызметкерлері емес және жалақы алмайды, бұл Wolt бар көптеген елдерде ынтымақтастықтың стандартты тәжірибесі және ынтымақтастықтың бұл форматы өзгермейді, себебі бұл Wolt-пен серіктестікті негізгі және қосымша табыс ретінде таңдаған көптеген адамдар үшін оңтайлы шешім. Серіктес курьерлер тәуелсіз фрилансерлер немесе жеке кәсіпкерлер болып табылатын серіктестік келісім бойынша жұмыс істейді. Бұл курьерлік серіктестерге Wolt платформасына кез келген ыңғайлы уақытта қосыла отырып, барынша икемді форматта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Серіктес курьерлер сонымен қатар көлік түрін, қажетті жабдықты, жеткізу бағытын таңдай алады, сонымен қатар жұмысты ыңғайлы жерде бастайды. Серіктес-курьерлер басқа жеткізу сервистерімен қатар жұмыс істей алады. Wolt анонимді сауалнамаларының нәтижелері бойынша, қазіргі уақытта курьерлік серіктестердің көпшілігі сервистің жұмысына риза. Ағымдағы жылдың сәуір айында жүргізілген соңғы сауалнама кезінде серіктес курьерлер Wolt-пен ынтымақтастықты 5 ұпайдың ішінде 4.2 ұпайға бағалады.

Қазақстан бойынша компаниямен тұрақты негізде ынтымақтасатын серіктес курьерлердің жалпы саны – шамамен 2 000 адам. Қазіргі уақытта 5 000 адам Wolt-тың серіктес курьері болу үшін кезекте тұр. 18 жастан асқан, Қазақстанда өмір сүруге және жұмыс істеуге заңды құқығы бар кез келген адам Wolt-тың серіктес курьері бола алады. Компанияда білімге немесе тілдерді білуге қатаң талаптар қойылмайды. Автокөлікке жеткізетін серіктес курьерлерде жүргізуші куәлігі болуы керек. Wolt курьерінің барлық серіктестеріне санитарлық кітап пен смартфон қажет. 

Wolt Қазақстанда өз қызметін дамытуға 5 млн. еуродан астам инвестиция салды, осылайша 2000 серіктес курьерге табысты және 1000-нан астам мекемеге қосымша пайданы қамтамасыз етті. Қазақстанда жұмыс басталғаннан бастап ағымдағы уақытқа дейін (есепті кезеңнің 1-ші күніндегі жағдай бойынша) Wolt Қазақстанның бюджетіне төлеген салық түсімдерінің сомасы шамамен 500 000 000 теңгені құрайды. Ақпарат ашық, kgd.gov.kz салық төлеушілер базасында қолжетімді. Бұл сан барлық салық аударымдарын қамтиды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта Wolt жаһандық және жергілікті деңгейде тиімсіз бизнес болып табылады. 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз оларды әрдайым келесі электрондық пошта арқылы жібере аласыз:: marketing.kazakhstan@wolt.com